Назарбаев еңбек даңқы орденін тағайындау туралы шешім қабылдады

Күні: 18:16, 25-12-2014.

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан президенті Н. Назарбаев еңбек даңқы орденін тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біреудің арқасында күн көретін уақыт өтті. Біз еңбек еліміз. Сондықтан мен 3 дәрежелі еңбек даңқы орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Үш дәрежеге ие болған жұмыскер еңбек еріне теңестіріліп және ол тек жұмысшылар мен шаруаларға – жұмысшылар әулетіне тапсырылады», - деді Н. Назарбаев бейсенбі күні 2014 жылғы ІІ жартыжылдығында іске қосылатын индустриалдау картасын таныстыру бойынша өткен жалпыұлттық телекөпір барысында.
Мемлекет басшысы үкімет, парламент және БАҚ «еңбек адамын дәріптеу» керек деп есептейді.
«Еңбек адамының атын шығару керек. Бүкіл әлем мен біздің еліміз де еңбек адамының арқасында тұр. ХХІ ғасырдың жүйелік проблемаларының бірі - жер шарындағы халық санының артуымен еңбек нарығы шиеленесе түсетіндігінде. Бүгіндері бүкіл әлем қалап отырған нәрсе – ең алдымен, жұмыс», - деді Н. Назарбаев.
«Осындай жұмыс орындарын ашу туралы жаһандық әлеуметтік қатерге біз әлемнің дамыған деген 30 елінің тізіміне үміткер ретінде жауап беруіміз керек. Өздеріңіз ойлаңыздар, Қазақстан экономикасының алты пайыздық өсімін қамтамасыз етіп отыру үшін біз жыл сайын 10 мыңдай жаңа жұмыс орындарын ашып отыруымыз керек, және оны бәрі есінде сақтауы керек. Және біз облыс орталықтарына кіре берістерде менің бейнемді ілмей, өткен жылы, өткен тоқсанда, өткен айда қанша жаңа жұмыс орындарының ашылғандығын паш ететін кесте ілуіміз керек, мен осыны талап етемін», - деді ол.  
Оның айтуынша, БАҚ-тар әр өңірде қанша жұмыс орны ашылғанын көрсетіп тұрулары керек. Мемлекет басшысы күн сайын телеарналар «индустрия тынысын» көрсетіп тұрулары тиіс деп есептейді.
Оның айтуынша, индустриалдау бағдарламасы 30-50 мың жұмыс орындарын ашып, оларды өңірлер арасында бөліп отыруы тиіс.
«Және күн сайын әкім есеп беріп отырсын», - деді Н. Назарбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: