Назарбаев ел үшін 5 ауқымды міндетті санамалап берді

Күні: 12:34, 29-04-2015.

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің алдында тұрған 5 ауқымды ішкі міндетті атап берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Мен елдің алдында тұрған 5 ауқымды ішкі міндетті көріп отырмын. Біріншіден, бізге тұрақтылығымыздың тірегі ретінде орташа кластың үлесін ұлғайту керек. Бизнесті дамытып, оны сақтап, елге орташа ауқатты тұрғыны басым мемлекетке айналуға көмектесу керек», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні ұлықтау рәсімінен кейін.
«Екіншіден, біз – орасан ел. Сондықтан бірыңғай ішкі нарықты, барлық өңірлердің теңбе-тең дамуын дамыту керек», - деп толықтырды президент.
Ол үшінші міндет – жемқорлықпен күрес – жұмыстың басты приоритеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
«Төртіншіден, жаңа жұмыс орындарын құру. Бесіншіден, тарихтың жаңа тармағында ұлт бірлігін нығайту», - деп түйіндеді сөзін ол.


Жаңалықтармен бөлісу: