Астана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке жеке тұрғынүй құрылысы (ЖТҚ) үшін инфрақұрылымға деп бөлінген қаражатты қайтару тетіктерін ойластыруды тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жеке тұрғын үй құрылысына қатысты. Ол мәселені шешу халыққа бөлінген жерлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етудегі мемлекет мүмкіндігімен тікелей байланысты. Сондықтан үкімет инфрақұрылымға салынған қаражатты осы үй салатын азаматтардан қайтару тетіктерін ойластыруы керек», - деді Н. Назарбаев жұма күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол әкімдерге мемлекет мұқтаждықтарына деп, оның ішінде ЖТҚ-ға да, жерлерді сатып алуда қосымша құқық беруді ұсынды
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36