Назарбаев әлемде ядросыз зона құруда қазақстандық тәжірибенің жеті базалық қағидаларын пайдалануды ұсынды

Күні: 13:29, 29-08-2016.

Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемде ядросыз зона құруда және ядролық қарусыз әлемге беталыста қазақстандық тәжірибенің жеті базалық қағидаларын пайдалануды ұсынды.
«Ширек ғасырда біз Қазақстан мысалында ядролық қарудан азат әлемге апарар жолдың  тиімді үлгісін қалыптастыра алдық. Осы үлгіні біз әлемнің барлық елдеріне ұсына аламыз», - деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференцияда.
Президенттің айтуынша, ядолық қарусыз ілемге апарар жолдың қазақстандық үлгісі жеті базалық құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі – ол Семей ядролық полигонын жабу туралы ерікті шешім қабылдау, сондай-ақ ядролық арсеналдан бас тарту және оны өз аумағында келешекте орналастыруға тыйым салу. Екіншісі – ядролық қарусыз халықаралық беделге ие болу, ядролық қарудан азат Орталық-Азия зонасын құру және бес ядролық державадан қауіпсіздікке кепілдік алу. Үшінші компоненті – ядролық қауіпсіздік саласындағы барлық фундаметальдық халықаралық келісімшарттарға қатысу; төртіншісі – ашықтық және халықаралық келісімшарттар негізінде жұмыс жасау. Бесіншісі – кең халықаралық ынтымақтастыққа негізделген  қарусыздану; алтыншысы – бейбіт атомды дамыту; жетіншісі – жаһандық антиядролық бастамаларды алға жылжыту саласындағы белсенді әрекеттер.


Жаңалықтармен бөлісу: