Назарбаев Наурызда қазақстандықтарға тыныштық пен тұрақтылық тіледі

Күні: 13:38, 21-03-2017.

Астана. 21 наурыз. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандастарға Наурызда бейбітшілік пен тұрақтылық тіледі, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
«Отандастарымды мерекемен құттықтаймын! Наурызды қазір бүкіл ел болып, ұлтына, дініне қарамай, барлығы тойлап жатыр. Наурыз ғасырлар қойнауынан келе жатыр, ол бейбітшілік, достық, бауырмалдық пен біздің елдің тұрақтылығының символы», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен «Сарыарқа» велотрегінде құттықтап тұрып.  
Мемлекет басшысы атап кеткендей, табиғаттың жаңаруына еліміздің саяси тіршілігіндегі үлкен өзгерістер де сай келді. Бірақ осы көктемгі мерекенің негізгі құндылықтары мызғымастай берік сақталады.
«Бұл күндері барлығы бұрынғы өкпе-реніштерін кешіреді, бір-біріне тыныштық пен игілік тілейді. Наурыз бізге мәңгілік құндылықтар – қайырымдылық пен өзара қол ұшын беруді еске салады. Әр үй мен әр шаңырақта тыныштық пен тұрақтылық болсын», - деді президент.
Қазақстанда Наурыз үш күн тойланады – 21, 22 және 23 наурызда. 2017 жылы қазақстандықтар осы мерекеде 5 күн – 19-23 наурыз аралығында демалады.


Жаңалықтармен бөлісу: