Назарбаев пен Тоқаев сайлауға дайындалып жатыр

Күні: 18:25, 27-08-2020.

Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға дайындалып жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуі өтті. Кездесуде Назарбаев пен Тоқаев саяси кеңес бюросының алдағы отырысының күн тәртібін және партияның сайлауалды платформасының негізгі тармақтарын қарады», - деп хабарлады бейсенбі күні Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Ол айта кеткендей, әңгімелесу барысында Назарбаев пен Тоқаев дағдарыс кезіндегі елдің ары қарайғы дамуын қамту мәселелерін талқылады.


Жаңалықтармен бөлісу: