Назарбаев Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы монументін» ашады

Күні: 11:43, 08-10-2015.

Тараз. 8 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы Тараз қаласына келіп, онда «Қазақ хандығының 550 жылдығы монументін» ашады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Биіктігі 30 метр болатын монумент қаланың батыс жағында «Тараз-Арена» спорт сарайының қарсы алдында тұрғызылады. Қазақ хандығының құрылуының тарихи мәнін жақсы ашатын мүсіндік композиция барлық жағынан жақсы көрініп тұрады. Монумент ауданы 3,5 га болатын скверде орналасады», - деп хабарлады облыс әкімшілігінен бейсенбі күні.
Хабарда айтылғандай, мүсіндік кешенге мұнарадан басқа Керей мен Жәнібек хандардың бейнелері енген. Олар Қазақ хандығын құрған алғашқы хандар.  
Ескерткіштің өзін орнатуға, абаттандыруға Т350 млн бөлінді. Монументті ашқан соң Н. Назарбаев «Көне Тараз» археологиялық бақтың ашылуына қатысады деп жоспарлануда.
Нысандар республикалық мәндегі ескерткіштер болап табылады. Тарихи-мәдени кешен аумағында ашық аспан астындағы мұражайдан басқа «Мыңбұлақ» сквері, «Тараз әуендері» алаңы (композициясы), айналаға қарауға арналған мұнара бар. Кешен құрылысының жалпы құны Т2,5 млрд болды. Жобаның негізгі мақсаты -  әлемдік мәдени мұрағатардың ЮНЕСКО тізіміне енгізу арқылы ұлттық жаңа мәдени бренд - «Көне Тараз»  брендін жасау.  
Археологиялық парк аумағындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары 2017 жылға дейін жалғасатын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: