Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына келді», - делінген жұма күні Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшыларының талқылауына алты негізгі сұрақ енгізіледі. ТМД 25 жылдығына байланысты қырғыз тарапының бастамасымен мемлекет басшыларының мәлімдемелерін қабылдау.
Соынмен қатар, тар форматта мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының заманауи жағдайға бейімделу мәселесін талқылайды, сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2017 жылғы төрағалық ету шешімі мен кезекті МБК отырысын өткізу орнын анықтайды
Отырыста кең форматта екі мәселе талқыланады. Атап айтсақ, ТМД мемлекеттерінде 2020 жылға халықтар санағын жүргізу, 2017 жылды Отбасы жылы деп жариялау, 2018 жылды ТМД-дағы Мәдениет жылы деп жариялау туралы.
Мемлекет басшылары 14-ке жуық құжатқа қол қояды.
Бұан дейін хабарланғандай, ТМД елдері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев, Армения президенті Серж Саргсян, Беларусия президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келеді деп күтілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14 -
Қазақстандық оқушылар Экономика бойынша Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды
9 Қыркүйек 2024, 11:11 -
Қазақстанға Көшпенділер ойынында көкпарға қатысу үшін америкалық ковбойлар келді
9 Қыркүйек 2024, 10:56 -
Талдықорғанда орамдық қазандық салуға Т9,7 млрд астам қаражат жұмсамақ
9 Қыркүйек 2024, 10:40 -
Дүйсенбі күні Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
9 Қыркүйек 2024, 10:00