Назарбаев Украина мен Ресейді позицияларын жақындатуға шақырды

Күні: 19:30, 22-12-2014.

Киев. 22 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина мен Ресейді Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығыстарды реттеуде позицияларын жақындатуға шақырды , деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мен, шығыста айтатындай, жасы жағынан да және саяси өтілі жағынан да үлкен адам ретінде, Ресейден де, және Украинадан да сұрайтыным: осы жағдайдан (Украинаның оңтүстік-шығысындағы әскери шиеленістен – ҚазТАГ) шығуда, Украинаның аумақтық тұтастығын сақтап  және бар позицияларды жақындастыруда ымыраға келу жолын ойластырыңдар. Себебі осы жағдай – нонсенс, ол жарамайды», - деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні Украина президенті Петр Порошенкомен келіссөздердің қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде.
Қазақстан басшысы қалыптасқан жағдайдан шығу мүмкіндігі барлығын атап өтті.
«Маған Украинаның нақты ұстанымы белгілі, маған Ресей ұстанымы белгілі, мен Еуропаның ұстанымын да білемін. Мен қазір осының барлығын түсінемін, осыдан келіп мен сіздерге былай деп айта аламын – осы жағдайдан шығу мүмкіндігі бар. Себебі теке-тірес, санкциялар – тығырыққа апаратын жол. Мен жол тауып, жағдайды қалпына келтіруге болады деп ойлаймын. Біздің елдер арасындағы, оның ішінде Ресеймен де қарым-қатынасты қалпына келтіруге болады, себебі Ресей негізгі сауда әріптесіміз», - деді Қазақстан басшысы.
«Орын алған оқиға (Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығыстар – ҚазТАГ) Украина үшін жаман. Ешкім де түсінде ойламаған, осындай оқиғалар ел ішінде болады деп, қақтығыстар және азаматтық соғыс.
Жалпы соңғы жылдары майданда оқиғалар орын алып жатты. Экономиканы, адам өмірін көтерудің орнына сіздер сонымен айналыстыңыздар», - деді Н. Назарбаев.
«Тек бейбітшілік жағдайында, тұрақтылықта жасампаздық орын алып, өмірді жаңғыртуға болады. Болған нәрсе – болды. Біз ашық түрде, достық пейілмен Петр Алексеевичпен бәрі туралы әңгімелестік», - деді ол.  
«Минскілік келіссөздерді барлығы қолдайды. Менің түсінгенімше оны Ресей де, еуропалық елдер де қолдауда. Біз де қолдаймыз. Онда өте жақсы, ең бастысы шешілетін мәселелер жазылған. Бірақ, екінші жағынан, азшылықтағы ұлтттар өздерінің құқықтарын жоғалтты», - деді Н. Назарбаев.
Ол сондай-ақ Қазақстанда жүзден астам ұлттар тұратынын айтты, ал мектептер 18 тілде оқытып, БАҚ-тар 16 тілде хабар тарататынын, театрлар алты тілде спектакльдер көрсететінін жеткізді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы 36 мәдени орталықты қамтиды, оларда ана тілінде оқи алады, онда өз тілінде сөйлесіп, мәдениеті мен тарихын сақтап отыр. Ол әлемдік тәжірибе. Мен Украина да оны қамтамасыз ете алады деп ойлаймын, бірақ өз мемлекеттігі аясында», - деп толықтырды мемлкет басшысы.  
«Мен жағдайдан шығу жолы барлығына сенімдімін. Егер ізгі ниет болса, ал оған мен тағы шақырамын, осы жағдайдан шығуға және қалыпты өмір сүруге болады», - деді Н. Назарбаев.
Өз кезегінде П. Порошенко минскілік келіссөздерді қолдайтындығын айтты.
«Біз Нұрсұлтан Әбішұлымен Украина шығысындағы жағдайды реттеудің негізі ретінде минскілік келіссөздерді ұстанып, қатаң сақтау керектігі туралы уағдаластық. Егемендік пен аумақтық тұтастық позициямыз бұзылмас нық ұстаным болып табылады. Бүкіл әлемнің күш- жігерін бейбітшілік үдерісті қамтамасыз етуге жұмылдыру минскілік келіссөздер базасында өтетін болады», - деді П. Порошенко.


Жаңалықтармен бөлісу: