Назарбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға келді

Күні: 14:54, 11-08-2015.

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Елбасы жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына келді. Сапар аясында Мемлекет басшысының президент А.Атамбаевпен кездесуі, сондай-ақ мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде кедендік бақылауды доғару рәсіміне қатысуы жоспарланған», - деп көрсетілген Ақорданың ресми сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.  
Бұрын хабарланғандай, қырғызстан-қазақстандық шекарадағы кедендік бақылауды доғару 12 тамызда таңертең болады. Қырғызстан мен Қазақстан президенттері ол рәсімге Ыстық-Көлдегі резиденциясынан онлайн режимде бақылап отырады. Оқиға орындарында ҚР премьер-министрі Темір Сариев пен ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев болады.
Н. Назарбаев пен А. Атамбаевтың келіссөздері аясында Қазақстан мен Қырғызстанның инвестиция мен өнеркәсіп, жол салу, туризм мен трансшекаралық өзендердің ресурстарын пайдалану саласындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар нақты мәселелер талқыланады.  


Жаңалықтармен бөлісу: