Назарбаев жыл аяғына дейін АӨК дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Астана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ - Байтас Құрманов. ҚР  президеніт Нұрсұлтан Назарбаев жыл соңына дейін агроөненкәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы базасында ағымдағы жылдың соңына дейін АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын... Бұл бағдарламаның басымдығы, біріншіден, барынша сұранысқа ие өнім түрлері мен елдерге назар аудара отырып, ауыл шаруашылық  өнімдерін әртараптандыру және көлемін арттыру. Екіншіден, қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты», - деді Н.Назарбаев жұмадағы үкіметтің кеңейтілген отырысында..
Оның айтуынша, бағдарламада АӨК-ні жеңілдікпен ұзақ мерзімді кредиттеу, бастапқы қайта өңдеу, өнімдерді сату және сақтау үшін ауыл шаруашылық кооперативтері мен инфрақұрылымын құру қарастырылған.
Ол Қазақстанда малды, егістік өнімдерін сату аукционын дамыту қажеттігін атап өтті.  

adimage