Қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істерде әділ сот тергеуіндегі стандарттар өте төмен деңгейде – сарапшы

Күні: 18:58, 04-11-2016.

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істерде әділ сот тергеуіндегі стандарттар өте төмен деңгейде, деп санайды Құқықтық саясатты зерттеу орталығы директорының орынбасары Татьяна Зинович. «Сотталушылар құқығы әр түрлі сақталады. Барлығы сот тергеуі жүріп жатқан іске байланысты. Алайда егер іске жеке сипатта, немесе, аз дегенде жартылай жариялы болса, онда ол азды-көпті әділ сот теңдік пен тараптардың теңдігі мен сайыскерлігі, кінәсіздік презумпциясы және т.б стандарттарының сақталуымен өтетін болады.   Ал кеңінен қоғамдық резонансқа ие істер бойынша біз әділ сот тергеуі стандарттарының сақталуының өте төмен деңгейде екенін байқап отырмыз», - деді жұма күні   Т.Зинович ҚазТАГ агенттігіне.  
Бұл ретте ол қылмыстық заңнаманың жалғасып жатқан реформасының ҚПК-ге әділ сот тергеуінің сақталу сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне үміт артты.  
«Кез келген жоғары тұрған инстанциялар алдыңғы сот сатысындағы кемшіліктері мен қателіктерін жоюға бағытталған. Олар сол үшін құрылған. Бұл процессуалдық мәселеге де, қарастырылып жатқан істің материалды мәселесі бағасына да  қатысты болуы мүмкін. Қазір қылмыстық процесті қоса алғанда қылмыстық заңнама блогының реформасы жалғасуда.  Және біз ҚПК-де бірінші саты аясында әділ сот тергеуі стандарттарының сақталу сапасын арттыруға мүмкіндік беретін қандай да бір кепілдер біріктіріледі деп үміттенеміз», - деп атап өтті Т.Зинович.
Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С. Матаевтың адвокаты бұл үкіммен келіспей оны бұздырмақшы. Матаевтардың ісі үлкен қоғамдық және халықаралық резонанс тудырды.  Матаевтарға  ЕҚЫҰ, Еуропарламент, ҚР-дағы АҚШ елшілігі, халықаралық баспасөз институты, Соғыс және бейбітшілік институты,   Журналистерді қорғау комитеті және т.б., сондай-ақ басқа да көптеген беделді шетелдік БАҚ қолдау білдірді.  


Жаңалықтармен бөлісу: