Астана. 3 тамыз. ҰазТАГ – Оңтүстік Қазақстан, Арыс аумақтарына және Қаратау мемлекеттік қорығы аймақтарына 703 бас жек дуадақ жіберілді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінен.
«Құстарды жіберу Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ҚР БҒМ ҒК «Зоология Институты» РМК, “Охотзоопром”ӨБ» РМҚК-ның қатысуымен, араб өкілдерінің тарапынан жүзеге асырылды.
Құстарды жіберу Ынтымақтастық туралы келісім-шартты орындау шеңберінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Жек дуадақтарды қорғау халықаралық қоры (Абу-Даби, БАӘ) 2016 жылы 16 шілдеде ОҚО Шымкент қаласына 544 дарақ жек дуадақты одан кейін табиғи ортаға жіберу үшін жеткізді», - делінген сәрсенбі күнгі ведомство сайтында жарияланған хабарда.
Бастапқыда 637 жек дуадақтарды әкелуге өтініш жасалып, құстарды әкелу СИТЕС әкімшілік және ғылыми органының рұқсаты мен келісімі бойынша жүзеге асырылды.
Барлығы табиғи ортаға 703 дарақ жек дуадақ шығарылды, оның ішінде 544 құс БАӘ әкелінген және 159 құс Жек дуадақты табиғи ортаға шығару және өсімін молайту орталығынан жіберілді.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46