Шымкент. 4 ноября. КазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Түлкібас ауданында Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатады, деп хабарлады аудан әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Ескерткіш құрылысын жергілікті бизнесмендер қаржыландырады. Т. Рысқұлов ат. елді мекен ақсақалдары құрылыс орнына алғашқы қада қағу құрметіне ие болды», - деді әкімшіліктен сейсенбі күні.
Облыс әкімшілігінің ресми сайтында хабарланғандай, халқымыздың ардақты азаматының 120 жылдығы Түлкібаста кең көлемде аталып өтілді. Осы орайда мерейтойға келген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар, Тұрартанушы ғылымдар Т.Рысқұлов ауылындағы «Жастар» саябағындағы Т.Рысқұловқа қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Х.Дулати атындағы аудандық Мәдениет сарайында ғылыми-теориялық конференцияға қатысты. Конференцияда «Тұрар Рысқұлов – түркі дүниесінің ұлы қайраткері» тақырыбында Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының директоры О.Қоңыратбаев, «Тұрар туралы тың деректер мен құжаттар» тақырыбында Тұрартанушы ғалым М.Қазбек, «Т.Рысқұловтың қайраткерлік қырлары» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті Ғ.Маймақов, Т.Рысқұловтың «Поволжская правда» басылымында жарыққа шыққан материалдары» тақырыбында «Қазақстан» телерадио корпорациясы, Интернет-редакциясының жетекшісі, тұрартанушы М.Жәпек баяндама жасады. Жиын барысында ғалымдар М.Мырзахметов, С.Молдияров, жазушы М.Байғұт, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Құрманғали сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді. Алқалы бас қосу Кемербастау ауыл округі Жәрімбетов ауылында халқымыздың арда азаматы Тұрар Рысқұловтың ескерткішінің қазығы қағылып, 120 түп емен ағашы отырғызылды. Мерейтойдың жалғасы Рысқұл ауылында жалғасып, ас беріліп, ұлттық ат спорты ойындары бәйге, аударыспақ, көкпар өткізіліп, ауданның көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Жиында Түлкібас ауданының әкімі Қ.Абдуалиев, тіл жанашыры А.Осман, Жамбыл облысы, Жуалы ауданының құрметті азаматы Ергебеков Әбілқасым сөз сөйлеп мерейтоймен құттықтады.
Тұрар Рысқұлов – Орталық Азиядағы партия және кеңестік мемлекеттік қайраткер. Орталық Азия халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты; патшалық әкімшілік қамауға алды, айыбы болмағалы себепті қамаудан босатылды. Сталиндік жаппай қуғын-сүрген кезеңінде Т. Рысқұлов халық жауы деп жарияланып, 1938 жылы 10 ақпанда атылып кетті. «Мемориал» қорына тапсырылған Ресей ФҚҚ мәліметтерінше, НКВД-ның (КСРО Ішкі істерінің халық комиссариаты) «Коммунарка» атты арнайы нысанында жерленгендер тізімінде Т. Рысқұловтың жерленгені туралы мәліметтер бар. 1956 жылы оны ақтады.
Т. Рысқұлов есімі ауылға, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының орталығына, сондай-ақ Жамбыл облысының бір ауданына берілген. Қазақстанның барлық ірі қалаларында Т. Рысқұлов ат. даңғылдар мен көшелер бар. Алматыдағы Қазақ экономикалық университет Т. Рысқұлов атында.
2011 жылы Мәскеуде 1931-1934 жылдары Т. Рысқұлов тұрған үйде мемориалдық тақта орнатылды.
Қатысты сілтемелер
-
Алматы облысында автобус көпірден спринтер көлігінің үстіне құлап кетті
13 Қыркүйек 2024, 09:21 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39