Шымкент. 27 қазан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысында фармацевтика кластерін құруға қажетті барлық жағдай бар, деп хабарлады дүйсенбіде өңірлік БАҚ.
ОҚО-да фармацевтика кластерін құру туралы Шымкентте өткен «Фармацевтикалық білім, ғылым мен өндіріс - «Қазақстан-2050» стратегиясына бағыт» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
«Конференцияға қатысушылар ОҚО-ның тарихи тұрғыдан әркез еліміздегі дәрі-дәрмек өндірісінің орталығы болғанына мән берді. Бұл осы өңірде фармкластер жасауға қосымша негіз болады. Егер кластер құру туралы қаулыға қол қойылса, онда ОҚО дәрі-дәрмек өндірушілеріне жеңілдіктер жасалатынына және мемлекеттен қолдау көрсетілетініне кепілдік беріледі», - делінген жарияланымда.
Елдің оңтүстігінде дәрі-дәрмек кластерін құрудың пайдалы тұстарын айта келе, ОҚО-да өсімдіктің 20 мың түрінің өсетінін, оның ішінде 6 мыңының құрамында биологиялық белсенді заттардың барын, соңғыларының 600 түрін дәрі-дәрмек өндірісінде жартылай фабрикат ретінде пайдалануға болатынын, ал 500 түрінен дайын өнім алынатынын да айтуға болады. Дәрі-дәрмек өндірісіндегі отандық өнімдегі облыс үлесі 49,3%.
Сонымен қатар, Қазақстан бүгінде дәрі-дәрмекке деген қажеттіліктің 15%-ын да жаппай отыр, ал мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық дәрі-дәрмек үлесі 30%-дан аз болмау керек, және елдегі дәрі-дәрмек өнімі де негізінен импорт есебінен дамып отыр.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18