Оңтүстік қазақстандық фермерлер Ресейге 300 тонна қарбыз экспорттады

Күні: 11:54, 02-06-2017.

Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан шаруалары бүгіннің өзінде 300 тонна қарбызды Ресейге асырып үлгерді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. Таяуда 200 тонна қарбыз тағы да еліміздің солтүстік аймақтарына жол тартады деп күтілуде», - делінген жұмадағы әкімдік хабарында.  
Бұл ретте, мақтааралдықтар Ресейге 100 тонна қарбыз экспорттады: мәселен, Жаушықұм ауылдық округінде қарбыз егумен шұғылданып жатқан диқандар алғашқы 30 тонна өнімді Ресейдің Якутия автономиялық республикасына сатылымға жөнелтті.
Жалпы, биыл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 53,4 мың га жерге бақша дақылдары егілген. Оның 32 мың гектарында қауын дақылы өсіп жатса, 21 мың гектары қарбыз алқабы.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының болжамынша, 1 шілдеге қауын дақылы да пісіп, өңір нарқына жол тартпақ. Алдын ала есеп бойынша биыл да аймақ диқандары 1 млн. тоннаға жуық қауын-қарбыз жинап, көл-көсір өнімге қарық болады.


Жаңалықтармен бөлісу: