Ораза айт барша отандастырымыздың бірігуінің мерекесі болып табылады – Назарбаев

Астана. 28 шілде. ҚазТАГ – Мемлеке басшысы Н. Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Қымбатты отандастар! Сіздерді Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам әлемнің барша мұсылмандары рухани тазаруға ұмтылатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Осы кезеңде қайырымды істер атқарып, біздің көмегіміз бен жанашырлығымызға зәру жандарға қамқорлық көрсетуге деген ізгі ниет пен ықылас арта түседі», - деп көрсетілген Ақорданың ресми сайтында дүйсенбі күні жарияланған хабарда.
Ислам адамзат баласын татулыққа, тыныштық пен тұрақтылыққа үндейді. Осынау биік құндылықтар тек мұсылман қауымын ғана емес, бүкіл Қазақстан халқын да ұйыстыра түседі. Сондықтан Ораза айт барлық отандастарымыздың бірлігін арттыратын мереке болып саналады.
Қазақстан қоғамы өзінің бай рухани мұрасын, өзара сыйластық пен келісімге негізделген іргесі берік қарым-қатынастарын орынды мақтан тұтады.
Барша қазақстандықтарды осы дәстүрлерді барынша нығайтып, жасампаз құндылықтарымызды әрдайым қастерлеуге шақырамын.
Қасиетті Ораза айт халқымызға рухани серпіліс, шаңырақтарыңызға бақ-береке әкелсін!
Еске салсақ, биыл Рамазан 28 маусымда басталып, 27 шілдеде аяқталып, 28 шілдеде Ораза айтпен жалғасты. Бұл мереке исламдағы ең ірі мерекелердің бірі болып табылады. Оны дәм тату мерекесі деп те атайды.

adimage