Орман өртенуі себепті Канададағы бір қаладан 80 мың адамды эвакуациялады

Күні: 09:56, 04-05-2016.

Алматы. 4 мамыр. ҚазТАГ – Канадалық Альберта провинциясындағы орман өрті жергілікті билікті қаланы эвакуациялауға мәжбүр екендігін жариялауға итермеледі; өздерінің үйлерін, барлығы 80 мыңдай адам тастап кетуге тиісті, деп жазады РБК.  
«Альберто билігі Форт Макмаррей қаласының тұрғындарының барлығын эвакуациялау туралы шешім қабылдады. 80 мың адам өз үйлерін тастап кетулері тиіс. Олар 20 км жердегі басқа елді мекенге барып тұрақтайды. Эвакуацияның алғашқы толқыны кеше жарияланып, 29 мың адам эвакуацияланды», - делінген хабарда.
Провинция басшылығы бұл шешімді өрттің қалаға тым жақын келіп, қаладан шығатын бір жолды кесіп тастауымен түсіндірді.
«Сейсенбі күні жағдай ауырлады, өрт қала шетіне келді. Бірнеше тұрғын үйлер мен адамдар тұратын трейлерлер паркі өртеніп кетті. Бұл ретте өрт сөндірушілер жергілікті халықты алып кетіп үлгерді, бірақ асығыста олар заттарын жинауға мүмкіндік бермеді, деп хабарлады СВС телеарнасы», - делінген хабарда.
Өрттің жалпы ауданы 4 мамыр күні таңертең 3 мың га аумаққа жетті, тікұшақты да пайдаланып жатқан өрт сөндірушілер әзірге олар стихиялық апатты ырықтандыра алмай жатқандығын мойындап отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: