ОСК сенат депутаттарын сайлау қорытындыларын жариялады

Күні: 11:55, 29-06-2017.

Астана. 29 маусым. ҚазТАГ - Арсен Асқаров. ҚР Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сенат депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады.
Сөйтіп, Ақмола облысынан - – Дәурен Әділбеков; Ақтөбе облысынан – Мухтар Жұмағазиев; Алматы облысынан – Нұрлан Қылышбаев; Атырау облысынан – Гумар Дүйсембаев; Шығыс Қазақстаннан – Дүйсенғазы Мусин; Жамбыл облысынан – Абдалы Нұралиев; Батыс Қазақстаннан – Нариман Төреғалиев; Қарағанды облысынан - Рысқали Әбдікеров; Қостанай облысынан – Жеңіс Нұрғалиев; Қызылорда облысынан – Мұрат Бақтиярұлы; Манғыстаудан  – Бақтыбай Шелпеков; Павлодар облысынан – Нұржан Нұрсипатов; Солтүстік Қазақстаннан – Ерік Сұлтанов; Оңтүстік Қазақстаннан – Әлімжан Құртаев; Астанадан – Еділ Мамытбеков; Алматыдан – Динар Нүкетаева сенат депутаттығына өтті.
Осылайша 16 депутат сайланды, яғни, әр облыстан бір депутаттан және Астана мен Алматы қалаларынан сайланды.
Еске салсақ, сенат депутаттарын сайлау 27 маусымда таңғы 9 сағатта басталған.


Жаңалықтармен бөлісу: