ОСК сенатор Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. ҚР Орталық сайлау комиссиясы сенатор Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметінен.
«2020 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы» қаулы қабылданды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Н. Назарбаева туралы» 2020 жылғы 2 мамырдағы № 315 Жарлығының қабылдануына байланысты тоқтатылды».
Бұған дейін Тоқаев өз жарлығымен сенат депутаты қызметіндегі Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты. Кейін қазіргі бұрынғы мемлекет басшысы парламенттің жоғары палатасының экс-спикеріне жасаған жұмысы үшін алғысын білдірді.
Назарбаева сенатты 2019 жылдың наурызынан бері басқарып келеді (2016 жылдың қыркүйегінен бастап сенат депутаты), оған дейін 2015 жылдың қыркүйегі мен 2016 жылдың қыркүйегі аралығында вице-премьер, 2014 жылдың сәуірі - 2015 жылдың қыркүйегі аралығында мәжілістің вице-спикері (2012 жылдың қыркүйегінен бастап мәжіліс депутаты) болды. 2007 - 2012 жылдар аралығында Назарбаева Тұңғыш президент қорын басқарған, 2004 жылдың қыркүйегі - 2007 жылдың маусымы арылығында "Асар» партиясынан мәжіліс депутаты болып сайланған, 1994 жылдан бастап «Хабар» агенттігі» ЖАҚ» вице-президенті, кейін директорлар кеңесін басқарған. Еңбек өтілін 1992 жылы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті қызметінен бастаған.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы.

adimage