Қостанай облысында дауыл жел 42 үйдің шатырын ұшырып әкетті

Қостанай. 9 маусым. ҚазТАГ – Қостанай облысында дауыл жел 42 үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Дауыл желдің салдарынан облыс орталығындағы Қостанай-2 түрғын үй массивіндегі 37 үйдің шатыры  ұшып кеткен. Залал келтірілген алаңның болжалды көлемі  – 1512 шаршы метр», - деп мәлім етті Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.  
Қостанай ауданы Лиманное селосында дауыл жел 5 тұрғын үйдің шатырын ұшырды.  
Хабарда атап өтілгендей, зақым келтірілген үйлердің тұрғындары басқа жерге барудан бас тартқан. Оларға бұзылған шатырларын реттеуге көмек көрсетіліп жатыр.  
Қостанай әкімдігі ТҮКШ бөлімі шатыры ұшқан үйлерді жауын-шашыннан қорғау үшін 30 орама буоқшаулағыш үлдір жеткізді.
Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жасауда.  

adimage