Қостанайда батыр және Абылай ханның үзеңгілесіне ескерткіш орнатылды

Қостанай. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Қостанайда Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
Мердігерлер атап өткендей, ескерткішті тұрғызу жұмыстары қаңтар айында басталған.
Ол қайырымдылық қаржысы есебінен қаржыландырылған, алайда жиналған қаржының  нақты сомасы жария етілмей отыр.  
«Ескерткішті дайындауға өзінің беріктігі, аязға төзімділігі және иілгіштігімен белгілі күрті граниті қолданылған. Іргетасына 270 тонна тас кетті. Ш:Жәнібектің ескерткішінің өзі Алматы облысында өндірілген қоладан жасалған. Мүсін авторы - Қадыржан Кәкімов», - деді мердігердің өкілі.  
Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы – батыр, қолбасшы, мемлекеттік қайраткер. Қазақтардың ішінде алғаш рет тархан-фельдмаршал әскери атағына ие болған адам. Оның белсенді мемлекеттік қайраткер болып тұрған тұсында (XVIII ғасырдың 40-50 ыжлдары) Жәнібек Абылай ханмен бірге ел басқарған. Ол көрші-мемлекеттермен, соның ішінде Ресеймен өзара қарым-қатынас саясатын орнатуда маңызды рөл атқарған.


adimage