Қостанайда Қобланды батырға ескерткіш ашылды

Күні: 15:04, 27-05-2016.

Қостанай. 27 мамыр. ҚазТАГ – Қостанайда Қобланды батырға ескерткіш ашылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бұл ескерткіш қазақ халқының атақты ұлына, батыр, халық жауынгері, азат етуші, ірі қолбасшы, Қостанай жерінің тумасына арналған. Қобланды батыр біздің халық батырымыз. Қазақтың жері қандай батыр тәрбиелегенін өскелең ұрпақ көргені өте маңызды», - деді Қостанай әкімі Базыл Жақыпов ескерткіштің ашылу рәсімінде.
Ескерткішті 2014 жылы Шымкентте жасағаны белгілі. Ескерткіштің авторлары Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері, ағайынды Әбдікәрім және Әбдімүтәліп Ахметовтар болды. Ескерткіш Герцен және Киевская көшелерінің қиылысында орналасқан.
Қобланды батыр қазақтың халық батыры болған. Ол үлкен қолбасшы. Тегі қыпшақтың қара қыпшақ руынан. Қобланды батыр Ноғай Ордасының саяси тіршілігіне қатысты. Ол Қазан қаласына шапқыншылықпен барып, Едіге бидің ұрпағы – Алшағырмен соғысқан.


Жаңалықтармен бөлісу: