Қостанайда қырғызстандық наркокурьер 16 жылға сотталды

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қостанайда Қазақстан арқылы Ресейге есірткі алып өтпекші болған қырғызстандық наркокурьер 16 жылға сотталды, деп хабарлады Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.
«Сот Немат Моминовты ҚР ҚК 250 б. 4 т, 259 б. 3 т. « в» тармақшасы, 24 б. 3 т., 250 б. 4 т. (аса ірі мөлшердегі есірткілік заттарды сату мақсатында сатып алу, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі есірткілік заттарды КО шекарасынан және ҚР мемлекеттік шекарасынан заңсыз алып өту, оны кедендік және шекара бақылауынан жасыру) бойынша айыпты деп танып, мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 16 жылға соттау туралы шешім шығарды», - делінген жұма күнгі хабарда.  
Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, Қырғыз Республикасының азаматы Н. Моминов РФ аумағында сату мақсатында Ош қаласында заңсыз 5 кг 174 гр гашиши сатып алып, оны шекара арқылы Ресейге алып өтпекші болғанда Қостанай облысының «Қайрақ» шекара бекетінде ұсталған. Оған дейін Қырғызстанның Шу облысынан шыққан ол Қазақстанның Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстары арқылы өткен.  

adimage