«Oyan, Qazaqstan» қозғалысының қатысушылары Алматыдағы полицияға шақырылды

Алматы. 28 тамыз. ҚазТАГ - Мадина Әлімханова. Алматыда «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мүшелері полициядан шақыру қағаздарын алды, дейді белсенді Әсем Жапишева.
«Таңертеңнен полиция келе бастады. Қазірдің өзінде бірнеше адам сонда (полицияда - ҚазТАГ), шақыртулар келді, олар күні бойы барлығына қоңырау шалады. Роман Захаров пен Жанель Ахметова, «Oyan, Qazaqstan» жақтастары қазір полицияда. Полициядан түсіндіргендей, олар әңгімелесуге алынды. Олар маған да келді, бірақ шақыру қағазын ала алмадым, өйткені мен ол кезде үйде болмадым. Мен қазір адвокат іздеп жүрмін. Біздің түсінгеніміздей, бүгін олар қозғалысқа қатысушылардың барлығын полицияға шақыртуды мақсат етіп қойды», - деді Жапишева сәрсенбіде ҚазТАГ тілшісіне.
Еске сала кетейік, «Оян, Qazaqstan» қозғалысының мүшелері, 30 тамызда конституциялық реформа үшін бейбіт шеруге шығуға ниет білдірген.
23 тамызда хабарланғандай, «Оян, Qazaqstan» қозғалысының мүшелерінің пікірінше, «президенттің шексіз билігі Қазақстанның экономикалық дамуына мүмкіндік бермейді». Ол, белсенділердің пікірінше, «теңсіздік пен кедейлікті арттырады, өйткені экономикалық мүмкіндіктер мен байлыққа қол жетімділік тек билік басындағыларға ғана мүмкін».
Белсенділердің айтуынша, «мұндай жүйеде, ашықтық пен есеп берушілік болмаған кезде, режимге адал адамдар сыбайлас жемқорлық схемалары арқылы байыған». Oyan, Qazaqstan президенттің өкілеттілігін шектеп, саяси жүйені қайта құруды ұсынды.
Еске сала кетейік, Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысының құрылуы 5 маусымда Қазақстандағы президенттік сайлау қарсаңында жарияланды. Бұл қозғалыс Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековтың әрекетінен кейін, басқа белсенділердің әрекеттері және бейбіт тұрғындардың ұсталуымен қатар жүретін бірқатар резонанстық оқиғалардан кейін пайда болды.

adimage