Пәкістанда лаңкесшілер университетті басып алып, студенттерге оқ ата бастады

Күні: 12:21, 20-01-2016.

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Пәкістанда беймәлім лаңкесшілер университетке шабуыл жасады. Лаңкесшілер оқу мекемесінің аумағына басып кіріп, студенттерге оқ атып, бірнеше жарылыс жасады. Дерек көздері көп адамның қаза болғанын айтады, деп хабарлады РБК.
Махатма Гандидің жақтасы болған Бача Хан атындағы университетке шабул жасағандар 3-4 адам, деп хабарлады пәкістандық Dawn басылымы. Содырлар университетке кіре берістегі күзетшілерді жаралап, ішінде 600-дей адам болуы мүмкін оқу мекемесінің ғимаратына кіріп келді.  
Билік ресми түрде құрбандардың санын жарияламай отыр. Reuters агенттігінің дереккөзі университет ғимаратында қаза болғандар мен жаралылар саны көптігін хабарлайды.
Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері мен арнайы жасақ келіп, студенттерді эвакуациялауға әрекеттенуде.
Университетке шабуыл, былтыр Пешавар қаласында «Техрик-и-Талибан Пакистан» қозғалысының содырлары мектепке шабуыл жасаған соң бір жылдан кейін орын алып отыр. Ол кезде 130 оқушы лаңкесшілердің құрбаны болған.


Жаңалықтармен бөлісу: