Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Парламент экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше статусынан айыратын заңды мақұлдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Мәжіліс пен сенат екі оқылым қорытындысы бойынша «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
Осылайша, экс-президент пен оның отбасы мүшелері аталмыш заңмен белгіленген барлық артықшылықтардан айырылады. Бұдан бөлек Назарбаевқа да Конституцияда көрсетілген Қазақстанның барлық бұрынғы президенттеріне қатысты артықшылықтар қолданылады.
Еске салсақ, бұған дейін Конституциялық сот «ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы туралы» заң күші жойылды деп тануға жатады деп қаулы еткен еді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев мәжіліс сайлауында дауыс берді19 Наурыз 2023, 16:59
-
Қазақстанда мәжіліске кезектен тыс сайлау басталды19 Наурыз 2023, 16:58
-
Алматыда әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы митинг өтті9 Наурыз 2023, 10:59
-
Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады1 Наурыз 2023, 11:12