Петропавл. 18 наурыз. ҚазТАГ – Петропавлда өткен республикалық ақындар айтысында Павлодар облысының ақыны жеңімпаз атанды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Айтыста бас жүлде – 600 мың теңгелік Гран-приді Павлодар облысының ақыны, әр түрлі халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы Аспанбек Шуғатаев жеңіп алды. 1-ші орын мен 400 мың теңгелік жүлдені қарағандылық ақын Мақсат Ақанов, 2-ші орын мен 300 мың теңгелік жүлде – солтүстікқазақстандық Мұхамед Қонақаевқа табысталды. 3-ші орын мен 200 мың теңге Қарағанды облысының ақыны Дидар Қамиевке берілді»,- деп хабарлады облыс әкімшілігінен сенбі күні.
Тұрсынбек Кәкішев атындағы Халықаралық қоғамдық қордың арнайы «Ер Жәнібек» жүлдесі мен Т300 мың сыйлықты Қазалорда облысының ақыны Мөлдір Айтбайға табыс етілді. Шығыс Қазақстандық ақын Нұржан Өмірбаев СҚО М. Жұмабаев аудан әкімшілігі тағайындаған Ерік Асқаров атындағы арнайы сыйлықты және Т200 мың жүлдені алды.
Хабарда айтылғандай, Наурыз мейрамы қарсаңында өткізіліп отырған республкиалық ақындар айтысы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтың туылғанына 115 жыл толуына арналып отыр. Байқауға Қазақстанның 9 облысынан ақындар қатысты.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45