Польшалық бағбандар алма өсіру тәжірибесімен алматылықтармен бөліседі

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Польшалық мамандар алма бақтарын өсіру, күту, сондай-ақ алма өңдеу тәжірибесімен қазақстандық әріптестермен бөліседі, деп мәлім етті Қазақстанның Польшадағы елшісі Ерік Өтембаев.
«Польша алма өсіру жағынан көшбасшыларының бірі болып табылады және қарқынды бақ өсіру жағынан әлемдегі ең озықтары. Груец деп аталатын арнайы жер бар, онда 3 млн тоннадан астам алма теріледі... Сондықтан біз польшалық әріптес – кәсіпкерлермен бізде де пилоттық жобаларды жүргізу туралы уағдаластық», - деді Е. Өтембаев журналистерге бейсенбі күні.
«Оларда технологиялары бар, 1987 жылы қатты аяздан Польшадағы алма бағы өліп қалған соң, олар әлемдік озық тәжірибелерді зерттеп, соның негізінде ең озық технологияларды енгізудің арқасында, қазір олар әлемдегі ең алдыңғы қатарлы алма өсірушілер», - деді ол.  
Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы кластер құрылып, онда польшалық мамандар қарқынды бақ өсіру технологиясы мен еңбек өнімділігін арттыру жолдарына үйретеді.  
Бұдан біраз бұрын Ресей елшісі Михаил Бочарников ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан еуропалық елдерден алма мен басқа да РФ-ға әкелуге тиым салынған көкөністерді өздеріне әкеліп, «айтарлықтай өңдеген соң» оларды Ресейге сатуларына болар еді деп мәлім еткенді.

adimage