Астана. 7 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын православтық Рождествомен құттықтады, деп хабарлайды ресми БАҚтар.
«Православ христиандары еліміздің конфессияаралық келісімін, қоғамдық тұрақтылығы мен бейбітшілігін сақтауға салмақты үлесін қосуда», - делінген мемлекет басшысының Рождество Христова мерекесіне орай сәрсенбі күні жарияланған құттықтауында.
«Осы күнде православ қоғамы өзінің жауапты қызмет ету дәстүрін жалғастырып келеді. Ол адамдарға иманға келіп, рухани бастауларға үңіліп, сол арқылы моральдік қағидалар мен дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайтуға жәрдемдеседі», - деп нұсқады Н. Назарбаев.
Президент екі мыңжылдық бойына Рождество мейрамы Құдайға сенетін адамдардың жүрегін қуаныш пен үмітке толтыратын жақсылық пен әділдік, қайырымдылық пен кешірімге деген сенім нышаны болып табылатынын атап өтті.
«Бұл жақсы ойлар мен адал істердің, көмекке мұқтаж адамдарға қамқор болатын уақыт», - деп еске салды мемлекет басшысы.
«Бүгінде қазақстандықтар, діни наным-сенімі мен этникалық қатысымына қарамастан, барлық маңызды діни мерекелердің шаттығын бір-бірімен бөліседі», - деп баса айтты президент.
Ол бүкіл иман келтіргендерге денсаулық, рухани күш-қайрат және жақсы бастамаларына сәттілік тіледі.
«Сіздің үйлеріңізден бақыт, жақсылық, татулық пен молшылық кетпесін! Православ христиандары мен барлық қазақстандықтарды ашық та, жарқын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын», - деп түйіндеді сөзін Н. Назарбаев.
Қатысты сілтемелер
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі
10 Қыркүйек 2024, 08:53 -
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45