Прежевальский жабайы жылқыларын Қазақстанның табиғатына жібереді

Күні: 15:40, 06-11-2014.

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – 150 жыл бұрын қазақ даласынан жоғалып кеткен Прежевальский жылқылары жабайы табиғатқа қайты оралатын болды, деп хабарлады қазақстандық  биоәркелікті қорғау қауымдастығынан (ҚӘҚҚ).
«Прежевальский жылқылары қазақ даласынан 1,5 ғасыр бұрын жоғалып кеткен. Енді қазір Франкфурт зоологиялық қауымдастық пен құстарды қорғау Корольдық қоғамы мен ҚӘҚҚ осы сиреп кеткен жануарларды Нюрнберг зообағынан әкелмекші. Қазақстанда оларды вольерлер күтіп тұр», - делінген қауымдастық сәрсенбі күні таратқан хабарда.
Хабарда айтылғандай, жұртшылық назарын осы ерекше акцияға аудару және қосымша қаражат жинау үшін ҚӘҚҚ қарашаның соңында Далалық қайырымдылық балын өткізеді.
«Қазақстанда Прежевальский жылқыларын ре-интродукциялау (жабайы табиғатқа қайтару) үшін дайындық жұмыстары Орталық Қазақстанда 50 млн га-дан асатын жерді қамтитын «Алтын дала» атты серіктестік бастама аясында өтіп жатыр. Бұл бағдараламаны ҚӘҚҚ 2006 жылы бастаған», - делінген хабарда.  
ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев ҚӘҚҚ көмегімен 2012 жылы «Алтын дала» резерваты мен биыл «Ырғыз – Торғай – Жыланшық» экологиялық дәлізі жасалды. Сөйтіп ерекше қорғалатын табиғи аумақ ауданы 2,5 млн га-ға артты.
«Биыл ҚӘҚҚ киіктерге мемлекеттік есеп жүргізген алғашқы қоғамдық ұйым болды. Авиаесепке алу ақбөкендердің саны былтырғымен салыстырғанда  37%-ға артып, 256,7 мың бас болғанын көрсетті. Біз жоғалып кету қарсаңында тұрған қар барысы мен сұр қызғыш құстарды зерттеу экспедицияларын бірлесе ұйымдастырамыз», - деді ол.
Сондай-ақ ҚӘҚҚ атқарушы директоры Гүлмира Ізімбергенованың айтуынша, Қазақстанда киіктердің контрабандалық мүйіздерін анықтау үшін иісшіл иттерді тұғыш рет қолдана бастады.
«Төрт ит әкеліп үйреттік, және олар екі рет киік мүйіздерін заңсыз алып кету оқиғасының жолын кесті», - деп түсіндірді ол.  


Жаңалықтармен бөлісу: