Президент «Қазақстанда жасалған» акциясын іске қосуды ұсынды

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық сауда желілерінде «Қазақстанда жасалған» акциясын іске қосуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
«Барлық сауда желілерінде қазақстандық тауарлар секция пайда болуы үшін, «Қазақстанда жасалған» акциясын іске қосайық қанеки. Облыс әкімдері осыны бақылауға алсын», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.
«Барша қазақстандықтарға осынау қиын жағдайда патриот болып, біздің қазақстандық тауарларды сатып алу өтінішімен жүгінейікші қане», - деп ұсынды ол.
Оның пікірінше, қазақстандық құрам, меморандумға отыру бойынша форумдар өткізу практикасын жандандыру керек.
«Астанада ЕХРО-2017-ге дайындық есебінен үлкен құрылыстар жүріп жатыр, және де қомақты қаражатқа орындалатын барлық жұмыстар, оларға да қазақстандық компаниялар қосылуы тиіс. Барлық мердігерлер, қазақтандық ресурстың есебінен, не қажеттінің әрін қосу үшін, жұмыс істеу керектеріңізді мәлімдеймін», - деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.

adimage