ҚР БҒМ министрі меморгандардан қызметкерлерін 12 мамырда оқушылардың ата-аналар жиналысына жіберуін сұрады

Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ - Оксана Скибан. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев компаниялар мен мекеме басшыларынан ата-аналарды 12 мамырда өтетін республикалық деңгейдегі мектеп жиналысына жіберуін сұрады.
«Бізде ата-аналар жиналысына ата-аналар аз қатысады, 10%-дай шамасында, сондықтан барлық меморган, мекеме басшыларынан осы жиналысқа ата-аналарды жіберуін сұрағым келеді. Үкіметтен тапсырма беруді сұраймын», - деді Е. Сағадиев сейсенбі күнгі үкімет сағатында.
Бұл ретте ол республикалық деңгейдегі ата-аналар жиналысын ведомство 12 мамырда өткізеді деді.
«Онда білім беру саласындағы негізгі мәселелер талқыланады», - деді ведомство басшысы.

adimage