Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның әділет министрлігі молдавалық олигархтар Анатолий мен Габриэль Статидің ісі бойынша Швеция сотына жаңа арыз берді және ол қадамын «экстраординарлық» деп атады, деп хабарлады ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 25 қарашасында Республика Стокгольмдегі Свеа апелляциялық сотына 2013 жылдың 19 желтоқсанындағы 497 миллион АҚШ доллары сомасы көрсетілген Анатолий Стати, Габриэль Стати, Ascom Group және Terra Raf Trans Traiding Ltd ("Стати") алған төрелік шешімнің заңды күшін жою туралы жаңа арыз берді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
ҚР ӘМ мәлімдегендей, «жаңа арыз берудің себептерінің ішінде Статидің талаптары төрелік талқылаудың мәні бола алмауы және төрелік шешімнің швед құқықтық жүйесінің негізін қалайтын қағидаттарға сәйкес келмеуі бар».
«Қазақстандағы Стати «инвестициялары» трансұлттық сипаттағы жүйелі қылмыстық схемалар болғандығын, сондай-ақ ең алдымен төрелік сотты алдау жолымен төрелік шешімге қол жеткізу үшін, содан кейін әртүрлі елдердің соттарында төрелік шешімді орындау үшін Стати алаяқтық әрекеттер жасағанын көрсететін жаңа дәлелдемелер табылған соң, Республика осы әдеттен тыс қадамға барды», - деп мәлімдеді әділет министрлігінен.
Республика басқа мемлекеттер тарапынан құқықтық көмек туралы халықаралық шарттар негізіндегі құқықтық көмек арқылы, сондай-ақ Стати аудиторларынан және АҚШ пен Ұлыбританиядағы сот талқылаулары шеңберінде жаңа дәлелдемелер алды.
«Жаңа деректер Статидің инвесторларды, аудиторларды, рейтингтік агенттіктерді, Қазақстанның және басқа елдердің мемлекеттік органдарын, төрелік сотты және түрлі елдердегі соттарды алдай отырып, қазақстандық компанияларын жүйелі түрде заңсыз мақсатта қолданғанын куәландырады», - делінген хабарда.
Әділет минситрлігінде хабарлағандай, Статидің арбитраж барысында айтуынша, Қазақстан қабылдаған шаралар оның қазақстандық компанияларында қаржылық дағдарысты тудырып, ақыр соңында Қазақстандағы активтерінің жоғалуына алып келді.
«Төрелік сот осы тұжырымдармен келісіп, Республика халықаралық жария құқық нормаларын бұзды деген қорытындыға келді. Жаңа дәлелдемелер Статидің төрелік сотты алдағанын куәландырады. Стати төрелік барысында оның қазақстандық компанияларының проблемаларының себебі Қазақстанның шаралары емес, өзінің жүйелі түрде қазақстандық компанияларынан жүздеген миллион АҚШ долларын басқа елдерге заңсыз шығарып отырғаны себеп болғандығын мәлімдеген жоқ. Қазір анықталғандай, Стати қазақстандық компаниялардың қызметі нәтижесінде алынған ақшаның шығу тегі мен орналасқан жерін шатастыру мақсатында көптеген офшорлық компаниялардың жасырын желісі арқылы әрекет етті», - деді ведомстводан.
ҚР ӘМ ақпарынша, Республика Статидің 30-дан астам офшорлық компанияларының банктік шоттары бойынша үзінді көшірмелерін алды. Бұл көшірмелерге анализ жасаудың арқасында офшорлық компаниялардың жасырылған желісі әшкереленді..
«Бұл мәмілелер Қазақстанның заңнамасына сәйкес заңсыз бола отырып, қазіргі уақытта Стати төрелік шешімнің орындалуын қамтамасыз етуге ұмтылатын елдерде, соның ішінде арбитраждың юрисдикциясында (Швеция) алаяқтық және ақшаның ізін жасыру сияқты қаржылық қылмыстарға теңестіріледі. Жаңа дәлелдер Статидің қазақстандық операциялар нәтижесінде тапқан табысын бірқатар елдердің саясаткерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қомақты ақша сомасын төлеу үшін пайдаланғанын көрсетті», - делінген хабарда
Әділет министрлігінде атап өткендей, бұл фактілердің ешқайсысы төрелік барысында Қазақстан Республикасына да, төрелік сотқа да белгілі болмаған.
«Егер Стати осы мән-жайларды тиісті түрде ашқан болса, төрелік сот Қазақстан Республикасы халықаралық жария құқықты бұзды деген шешімге келмеуші еді. Қазақстан Республикасы Статидің махинациялары халықаралық жария құқыққа сәйкес қорғала алмайтындығына нық сенеді. Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларды тарту және елдегі құқық басымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өзінің ұстанымдарына бұрынғысынша берік», - делінген ҚР ӘМ хабарында.
Еске салсақ, молдавалық олигархтар Анатолий мен Габриэль Стати Қазақстанға қарсы 2010 жылы сотқа арызданған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51