ҚР дін істері комитеті шетелге оқуға кететіндерге ҮЕҰ-лармен байланыс жасаудан тартына тұру және әр түрлі тренингтерге қатыспау туралы кеңес береді

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ – ҚР мәдениет және спорт министрлігінің дін істері жөніндегі комитеті шетелге оқуға баратындарға онда Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) қарым-қатынас жасаудан тартына тұру және әр түрлі тренингтерге қатыспау туралы кеңес береді.
«Сондай-ақ онда әр түрлі үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардың өкілдерімен, оның ішінде тегін материалдық көмек ұсынатын немесе басқа да тегін көмек тықпыштайтын діни ұйымдардың өкілдермен байланыс жасаудан тартына тұру керек», - делінген «Шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына дін істері мәселелері бойынша жадынама» атты комитет басылымында.  
Сондай-ақ бейтаныс адамдар ұсынатын бланктерге жеке мәліметтер бермеу, және бейтаныс адамдармен сұхбатта сақ болу ұсынылады. Атап айтқанда, тіпті балалардың қолынан болса да, брошюралар мен үнпарақтар алмау керек.
«Бейтаныс адамдармен дін тақырыбында сөйлеспеу керек. Егер сізге көшеде немесе басқа да қоғамдық орындарда бейтаныстар, арасында балалары болса да, әр түрлі діни кітаптар, үнпарақтар, журналдар, брошюралар, кітаптар мен т.б. ұсынатын болса, сыпайы түрде олардан бас тартқан жөн», - делінген жадынамада.
Одан басқа, авторлар таңдалған оқу орнынан тыс жердегі курстар мен дәрістерге қатыспауға кеңес береді.
«Негізгі білім алу үдерісі барысында ЖОО аумағынан тыс жерлердегі жергілікті немесе шетелдік діни уағызшылардың, бейресми рухани көшбасшыларының ұйымдастырған қандай да қосымша курстарға, дәрістерге, практикалық сабақтарға қатыспау керек», - делінген жадынамада.  
Бұл ретте дін істері комитеті ағылшын тілі курстары түрінде де экстремистік ұйымдар жасырынуы мүмкін екенін ескертеді.
«Шетелде кейбір діни ұйымдар кейде бүркеме атпен қызмет жасайтынын ескеру керек. Мысалы, тегін ағылшын курстарына, психология, жеке тұлғаның дамуына, Құран үйренуге, араб тілін үйренуге шақыратындар өз қатарына адамдарды тартумен айналысатын экстремистік ұйымдар болуы мүмкін. Олар қатарына жаңа мүшелерді тартуды «экологиялық форумдар», «сұхбаттасу мектептері», «шешендік өнер курстары» мен т.б. түрлерінде жүргізеді», - дейді авторлар.
Жадынамада уағызшылардың, ҚР-да тыйым салынған ұйымдардың аудиотаспасын тыңдамау, сол елдердің заңдарын сақтау, шет тілде жазылған хаттамалрға қол қоймау, егер құқық қорғау органдары ұстаған немесе діни ұйымдар тарапынан сес көрсету болса, ҚР консулдығы мен елшілігіне жүгіну туралы кеңес берілген.  

adimage