ҚР ІІМ жүргізушілерге өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техпаспортын алып жүрмеуге рұқсат етпек

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстандық жүргізушілер өздерімен бірге жүргізуші куәлігін, техпаспортын, сақтандыру және техбайқау құжаттарын алмай жүретін болуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен тиісті норманы енгізіп, жүргізушіге міндетті түрде құқығын растайтын құжаттарды алып жүру ережесін алып тастағалы жатырмыз. Жеке куәлігі болса болды. Себебі қалған құжаттардың бәрін біз планшет арқылы көріп отырамыз. Жүргізушінің қандай көлігі бар, қанша сенімхат жазылды, сақтандыру полисі қашан аяқталады, техникалық тексерістен қашан өтті, айыппұлы қанша – бәрі де планшетте көрініп тұрады», - деді Тұрғымбаев сәрсенбі күні ҚР парламенті мәжілісінің отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, аталмыш норма тек Қазақстан аумағында ғана қолданылады, ал ел аумағынан тыс жерде жүргізушінің барлық құжаты болуы тиіс.
«Сонымен қатар біз планшеттердің бәрін қазір көшедегі видеокамералармен интеграциялап жатырмыз. Соңғы кездері нөмірсіз жүрген бірде-бір автокөлік жоқ. Тәртіп бұзылғаны байқалса камера бірден кезекші операторға белгі жібереді, патрульдік машина сол жерге шығып, аталмыш көлікті тоқтатады. Оған қазір бүгінгі таңда нөмірді жабатын немесе ауыстыратын тор жоқ, себебі мәліметтер базасында ол көліктің түсі, нөмірі жазылған. Егер ол сәйкес келмесе белгі келеді яғни сол арқылы біз көліктерді басқа біреулердің айдап кетуін азайттық», - деді Тұрғымбаев.

adimage