Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – ҚР инвестициялар және даму министрлігінің (ИДМ) штабына 2,5 мыңға жуық шенеунік бекітілген, деп хабарлады министрліктің кардрлық жұмыс департамент директоры Марат Иғали.
«ҚР инвестициялар және даму министрлігінің бекітілген штаттық саны 2410 бірлікті құрады. Орталық аппаратта – 359 бірлік, комитеттер – 681, аумақтық органдар – 1370 бірлік», - деп жазды М. Иғали сейсенбі күні БАҚ-тардың сұранымына жауап ретінде өзінің Facebook парақшасына.
Қайта құру қорытындысы бойынша біріккен құрылымдағы комитеттер саны 11-ден 9-ға, департаменттер 39-дан 16-ға қысқарғаны көрсетілген.
М. Иғали сондай-ақ 2014 жылдың тамыз айында ҚР ИДМ-ға ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР көлік министрлігі, ҚР ұлттық ғарыш агенттігі мен ҚР байланыс және ақпарат агенттігі кіргендігін атап өтті.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
20 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданды
20 Қыркүйек 2024, 08:52 -
Тоқаев бірқатар тағайындаулардан кейін күштік құрылым басшыларының жаңа орынбасарларын қабылдады
20 Қыркүйек 2024, 08:50 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі
20 Қыркүйек 2024, 08:45