Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстан Конституциясына түзетулерді парламенттің қос палатасы да бірінші оқылымда мақұлдады.
«Заң жобасын бірінші оқылымда қабылдау туралы ұсыныс келіп түсті. (...) Заң жобасын екінші оқылымда қарау үшін парламенттің бірлескен отырысы 6 наурызда сағат10.00-ға тағайындалады», - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жұма күнгі парламенттің бірлескен отырысы барысында.
Сондай-ақ парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылды. Ол екінші оқылымға дейін барлық конституциялық түзетулерді қарап шығады.
«Ертең, яғни 4 наурызда, парламент палаталарының барлық тұрақты комитеттері өздерінің отырыстарын өткізуіп, онда заң жобасын, бүгін депутаттардың сөйлеген сөздерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді талқылап, бірлескен комиссияға өздерінің қорытындыларын енгізеді», - деді мәжіліс спикері.
Сондай-ақ оның ұсынысымен, 4 наурызда заң жобасын саяси партиялардың фракциялары талқылаудан өткізеді.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың заңсыз тарту фактісін анықтады
20 Қыркүйек 2024, 12:43 -
Тимур Әбілқасымов ҚНРДА төрағасының орынбасары болып тағайындалды
20 Қыркүйек 2024, 12:31 -
Аягөз гарнизонында қызмет еткен офицер өлі табылды
20 Қыркүйек 2024, 12:19 -
Kaspi.kz компаниялар тобы қысқа позицияда трейд жасайтын жобаның айыптауларын жоққа шығарды
20 Қыркүйек 2024, 11:59