ҚР ұлттық мұражайында ресейлік Эрмитаж бен Третьяковка ұдайы көрмелер өткізе алады

Күні: 18:42, 15-08-2014.

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанның ұлттық мұражайында ресейлік Эрмитаж бен Третьяковск ұдайы көрмелер өткізе алады, деп есептейді РФ-дағы ҚР-ның елшісі Марат Тәжин.

«РФ-дағы ҚР елшісінің (Марат Тәжиннің - ҚазТАГ) пайымынша, ресейлік авторлар - Дмитрий Лихачев, Лев Гумилев, қытайтанушы Василий Алексеевтің бірегей мәдени еңбектерін қазақ тіліне аудару мақсатты бағдарламасын жүзеге асыруда күзге жоспарланған Мәскеудегі қазақстандық және ресейлік жазушылардың  кездесуі бірлескен тиімді жұмыстың іс жүзіндегі элементі бола алады. Мәселе жетекші ресейлік мұражайлар - Эрмитаж бен Третьяковск галереясының Қазақстан мұражайларында, оның ішінде Астанадағы Ұлттық мұражайда ұдайы көрмелер өткізуі туралы да болатын», - делінген жұмадағы ҚР СІМ баспасөз қызметінің М. Тәжиннің «Россотрудничества» басшысы Константин  Косачевпен кездесу қорытындысы бойынша хабарында.

Сұхбаттасушылар атап өткендей, орыс тілі Қазақстанда мемлекеттің кеңінен қолдауына ие, барлық қазақстандық қоғамның сұранысына ие, қазақ тілімен қатар қолданылады және ешқандай да «қорғауды» қажет етпейді.

«М. Тәжин атап өткендей, «Россотрудничества» міндеті - ол алдағы интеграциялық процестер үшін берік мінезге ие мәдени-рухани сипаттағы  міндеттер. Аумақтың өркениетті бірлігі, біздің мәдени құдылықтарымыздың ортақ жүйесі бұл жұмысты үлкен функционалды мазмұнға толтыруға мүмкіндік береді», - делінген СІМ хабарында.

Баспасөз хабарында, РФ-дағы ҚР елшісі  мен «Россотрудничества» басшысы «Қазақстан елшілігі, екі мемлекеттің мемлекеттік құрылымдары мен үкіметтік емес ұйымдары арқылы» нақты өзара әрекетке дайын екенін растады, деп көрсетілген.


Жаңалықтармен бөлісу: