ҚР парламент мәжілісінің депутаты медицинада метадонды пайдалануға тыйым салуды ұсынуда

Күні: 17:58, 17-09-2014.

Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда методонды медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салу керек, деп есептейді ҚР парламент мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова.
«Депутаттық сауал ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовқа жолданды. ҚР-да қолданыстағы заңды және біздің еліміз 2007 жылы тарификациялаған есірткілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциядағы халықаралық талаптарды бұза отырып, 7 жылдан бері есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу үшін өте күшті синтетикалық есірткі - метадон әкеліп жүрміз», - делінген Меруерт Қазбекованың сәрсенбі күні палата алқа отырысында оқыған депутаттық сауалында.
Оның айтуынша, «метадон өзінің әсері жағынан героиннен де зор».
«Тез үйренеді және тәуелді болады, ал артығымен пайдаланса өліп қалу ықтималдығы өте жоғары. Жоғарыдағы конвенция талаптарына сай метадон медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған №1-ші препараттар тізіміне енгізілген. Қазақстандық заңнамада ол медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат етілген №2 препараттар тізімінде», - деді ол.
Оның айтуынша, 1998 жылы ПАСЕ дүние жүзі үкіметтеріне үндеу салып, метадонды медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салуға шақырды, себебі «одан өлген адамдар саны героиннен өлгендерден көп» екен.
«Ресейде метадон тыйым салынған №1 препараттар тізімінде, Өзбекстанда ол пилоттық жобада ғана қалды, ал қалған метадонды олар қайырымдылық көмек ретінде Қазақстанға жіберді. Ол қолданыстағы заңға қайшы. Қырғызстанда депутаттар осы есірткіні шығаратын зауыт салу идеясын қолдамады», - деді М. Қазбекова.
Оның айтуынша, 2011 жылы денсаулық сақтау министрлігінің пилоттық жобаны енгізу нәтижесіне тәуелсіз комиссиямен жүргізген тексеру, бұл емдеу әдісінің тиімділігінің жоқтығы және елдегі есірткі тәуелділерді емдеуде қауіпті екендігі туралы қорытынды беріпті.
Депутат метадонның Қазақстанда дәрі ретінде тіркелмегенін, оны пайдалану елде қолданыстағы заңнамаға қайшы екендігін, оны пайдалануды лобилеп жүргендер, бюджеттен қаражат алуға мүдделілер екенін айтады.
Жоғарыдағы айтылғандардың барлығын ескерер отырып, депутат, ҚР премьер-министрінен аталған дәріні №1 препараттар тізіміне енгізіп, елде қолдануға тыйым салу шараларын тездеп қабылдауды талап етеді.


Жаңалықтармен бөлісу: