Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан сенаты зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде ұстау талабын өзгертті, деп хабарлады парламенттің жоғары палатасының баспасөз қызметінен.
«Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде төлеу керектігі белгілі. Оны қазіргідей кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сондықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді», - деді бейсенбідегі сенат отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев.
Бұған дейін сенат Салық кодексіне түзету енгізген болатын. Қазақстан парламенті шағын және орта бизнесті (ШОБ) қосымша құн салығынан (ҚҚС), әлеуметтік салықтан босатуды және бөлшек салықтың енгізілуінен босату туралы түзетуді мақұлдады.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46