Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандағы шетелдіктерді жалдаған компанияларда жалақы төлеуде сәйкессіздіктің 500 астам дерегі тіркелді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Елде 50-ден астам шетелдік жұмысшыны тартқан кәсіпорындарға тексеру жүргізілді. 8 қазанда 49 кәсіпорынды тексеру аяқталды, еңбек және көші-қон заңнамасын бұзудың 791 дерегі анықталды, соның ішінде 24 кәсіпорында жалақы төлеу мен сыйақы берудің сәйкессіздігінің 476 дерегі анықталды», - деп мәлім етті Атырау облысына барған сапарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Ол нақтылағандай, тексерісті ЕХӘҚМ бас прокуратурамен бірге жүргізген.
«Атырау облысында «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-де жергілікті инженерге сағаттық тарифтік жүктеме Т568 сома көлемінде, ал шетелдік қызметкерге сондай қызметке Т6,5 мың сома белгіленген. Бұған жол беруге болмайды! Жұмыс берушілер Қазақстан азаматтары мен шетелдік жұмысшылардың еңбек жағдайлары мен жалақыларының тең болуларын қамтамасыз ету керек», - деп атап өтті министр.
Ведомство басшысы ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тарту үшін квота белгіленетінін атап өтті.
«2019 жылы квота 48,7 мың бірлік (жұмыс күшіне 0,54%) көлемінде белгіленді. 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға 18 533 рұқсат беру беріліп, ұзартылды. Шетелдіктерді 2425 компания тартып отыр, оларда 531 мың қазақстандық азамат немесе жұмысшылардың жалпы санының 96%-ы қазақстандықтар», - деді ЕХӘҚМ басшысы.
Еңбек, әлеуметік қорғау және көші-қон комитетінің ақпарынша, 2019 жылдың басынан бері Атырау облысында 364 жұмыс беруші 9 мың шетелдік азаматты жұмысқа тартқан, оның ішінде бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) – 63 (0,7%), екінші (құрылымдық бөлімше басшылары) – 1 475 (16,5%), үшінші (мамандар) – 5 332 (59%), төртінші (білікті жұмысшылар) – 1 146 (13%), маусымдық жұмысшылар – 910 (10,11%), ішкі корпоративтік ауыстыру аясында ауыстырылатындар– 78 (1%).
«Сонымен қатар тексерістер барысында шетелдік жұмысшылардың берілген рұқсаттар немесе жасалған еңбек шартына сәйкес емес жұмыстарды атқаруының 183 дерегі тіркелген. Жүргізілген жұмыстар бойынша 447 рұқсат беру кері қайтарылды. Анықталған бұзушылық деректері бойынша жұмыс берушілерге 50 ұйғарым беріліп, Т33,7 млн сомаға 83 әкімшілік айыппұл салынды», - деді Нұрымбетов.
Ол ҚР ЕХӘҚМ шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесін үнемі бақылауда ұстайтынын қадап айтты.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45