Әр төртінші қазақстандық зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайды

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ - Махамбет Абжан. Әр төртінші қазақстандық зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайды, деп мәлім етті ҚР Ералы Тоғжанов Кәсіподақ федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов.
«(…) 1,6 млн жұмысшының 373 мыңы немесе әр төртінші қазақстандық (22,3%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында, шу деңгейі мен дірілдің жоғары жағдайында әр екінші қазақстандық (45,4%), жұмыс аумағының шамадан тыс газдылығы мен тозаңдылығы жағдайында әр үшінші (34,4%) қазақстандық жұмыс жасап жатыр», - деді Тоғжанов бейсенбіде елордада өтіп жатқан бастапқы кәсіподақ ұйымдарының «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» тақырынбындағы форумында.
Кәсіподақ федерациясы ҚР үкіметіне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті, өндірістегі қайғылы жағдайлар мен кәсіби ауруларды бақылау және оларды есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру шараларын күшейтуді ұсынды.

adimage