Ресей интеграциялық үдерістер қуат алып отырған өңірлерде өздерінің қатысуын кеңейте береді – Путин

Күні: 18:09, 04-12-2014.

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Ресей интеграциялық үдерістер қуат алып отырған өңірлерде өздерінің қатысуын кеңейте береді, деп мәлім етті РФ президенті Владимир Путин.
«Біздің мақсатымыз – Батыстан да Шығыстан да мейлінше көп серіктестер табуда. Біз саясат пен экономиканы араластырмай отырған, керісінше – сауданың, технологиялар мен инвестициялар алмасудың, адамдардың еркін алмасуы үшін кедергілерін алып тастап, интеграциялық үдерістер қуат алып отырған өңірлердегі өзіміздің қатысуымызды кеңейте береміз», - деді В. Путин бейсенбі күні РФ федералды жиынға жолдаған жолдауында.
«Біз қандай жағдай болмасын Еуропамен, Америкамен қарым-қатынасымызды жиыстырмақ ниетіміз жоқ, бұл ретте америкалық құрылықтың оңтүстігімен дәстүрлі байланысымызды қалпына келтіріп, кеңейте береміз, Африка мен Таяу Шығыс елдерімен ынтымақтастығымызды жалғастырамыз», - деді ол.  
Оның айтуынша, Ресей Азия мемлекеттерімен де ынтымақтастығын жалғастыра береді.
Бұл ретте РФ президенті Ресейді бөлшектеу идеясының барлығы түкке аспай қалғанын атап өтті.  
«Ол, өзінің адам баласын жек көретін идеясымен бізді Орал тауынан асырып, Ресейдің көзін құтқысы келген Гитлердің де қолынан келмеген. Оның аяғы немен аяқталатынын барлығы да есте сақтағаны дұрыс болар еді», - деп ол қадап айтты.
«Біз өте қымбат қарулану жарысына тартылмақ ниетте емеспіз, бірақ, осы жаңа жағдайда біздің еліміздің қорғаныс қабілетін сенімді және кепілді түрде қамтамасыз ете аламыз. Оған ешкімнің күмәні жоқ. Ол - жасалады», - деп мәлімдеді В. Путин.
Оның айтуынша, РФ-да ол үшін мүмкіндігі де және стандартқа жатпайтын шешімдері бар.
«Ресейден әскери басымдыққа қол жеткізу ешкімнің қолынан келмейді. Біздің армиямыз заманауи, соғысқа қабылетті, қазір айтып жүргендей – сыпайы, бірақ айбарлы. Біздің бостандығымызды қорғауға бізде күшіміз де, еркіміз де, және батылдығымыз да жетеді. Біз әлемнің әркелкілігін сақтауға күш саламыз, шетелдегі адамдарға Ресейдің бұрмаланған кейпін емес, нағыз, шын келбетін көрсету үшін шындықты жеткізе береміз, белсенді түрде іскерлік және гуманитарлық, ғылыми, білім және мәдени байланыстарды алға жылжыта бермекпіз және оны біз жекелеген мемлекеттер Ресей айналасында темір тор құруға әрекеттеніп жатқанда да жалғастыра бермекпіз», - деді ол.
«Біз өзіміз ешқашан өзімізді оқшаулау жолымен, ксенофобия, күдіктілік, жау іздеушілік жолмен жүрмейміз. Оның барлығы әлсіздіктің көрінісі, ал біз қуаттымыз және өзімізге сенімдіміз», - деп тұжырымдады В. Путин.


Жаңалықтармен бөлісу: