Ресей шетелдіктерді тіркеудің жаңа ережесін енгізуде, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін де

Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ – Ресей  футбол федерациясының кубогын өткізу мерзіміне шетелдіктерді тіркеудің жаңа ережесін енгізуде, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен.
«2017 жылдың 1 маусымы мен 12 шілдесі аралығында футболдан конфедерация кубогін өткізу мерзіміне Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Казань мен Сочиде шетелдік азаматтарды тіркеудің жаңа ережесі енгізілуде.  Аталмыш төрт қалаға 1 маусымнан бастап келетін Қазақстан азаматтары бір тәулік ішінде РФ ІІМ көші-қон мәселесі бойынша  аумақтық органға (1 шілде мен 12 шілде аралығында күшейтілген тәртіпте тәулік бойы жұмыс жасайды) уақытша келу орны бойынша тіркелуге міндетті», - делінген бейсенбідегі елшілік сайтында.  
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш ереже жоғарыда аталған қалаларға 1 маусымға дейін барған және 12 шілдеден кейін қайтатын азаматтарға таралмайды.  Ресейдің қалған қалаларына бару бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни РФ-ге 30 күннен аспайтын мерзімге баратын Қазақстан азаматтары келу орны бойынша тіркелу міндетінен босатылады.  
Қонақ үйде, санаторийде, демалыс үйінде немесе басқа жерлерде тұрып жатқандардың тіркелуі үшін жауапкершілікті қабылдаған тарап алады (қонақ үй.әкімшілігі және т.б.).
Сондай-ақ елшілік хабарлағандай, осыған ұқсас ереже 2018 жылдың 25 мамыры мен 25 шілдесі аралығында да қолданылады. Мәскеуге, Санкт-Петерборға, Казаньға, Сочиге, Волгоградқа, Екатеринбургке, Калининградқа, Нижний Новгородқа, Ростов-на-Донуға, Самараға, Саранскіге баратын қазақстандықтар барған жерлері бойынша бір тәулік ішінде тіркелуі керек.

adimage