Алматы. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Мәскеу биржасындағы сауда барысында АҚШ доллары 60 рубльден асып, тарихи рекорд жасады, деп хабарлады rbc.ru.
Мәскеу уақытымен 15.46 сағатқа американдық доллар 60,05 рубльмен сатылып жатты. Осыдан соң еуро да тарихи рекорд орнатып, 75 рубльден асты.
Дүйсенбі күнгі сауда барысында доллар мен еуро сәйкесінше, кешегі 57,50 рубль және 71,61 рубльден бүгінгі ең жоғарғы 60,05 рубль және 75,22 рубльге дейін жетті.
Хабарда айтылғандай, кешегі сауда күнімен салыстырғанда АҚШ долларының бағамы 1,4542 рубльге өсті.
16 желтоқсанға еуро бағамы - 72,6642 рубль (+2,1353), бивалюталық себет – 64,7892 рубль деп бекітілді.
ҚР Ұлттық банкінің 15 желтоқсандағы ресми бекіткен валюта бағамы бойынша ресейлік 1 рубль Т3,17. АҚШ долларының бағамы - Т181,7, еуро – Т225,94 деңгейінде бекітілді.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45