Алматы. 23 ақпарат. ҚазТАГ – РФ қарулы күштерінде ақпараттық операция жасақтары құрылды, деп хабарлады елдің қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу.
«Осы аралықта ақпараттық операциялар жасағы құрылды. Ол бұрын біз қарсы насихат деп атаған бағыттағы құрған нәрселерден едуір күшті әрі тиімді болады. Үгіт насихат ақылды, сауатты және тиімді болуы керек», - деп жазады ресейлік БАҚ-тар С. Шойгудың сәрсенбі күні госдумада айтқандарына сілтемелеп.
Госдумадағы қорғаныс жөніндегі комитет басшысы Владимир Шамановтың айтуынша, ақпараттық операциялар жасағы ең алдымен «ұлттық қорғаныс мүдделерін қорғау және ақпарат саласында қарсы тұру үшін» құрылып отыр.
Бұдан бұрын ресейлік билік елде кибержасақ барлығын теріске шығарған. Қаңтар айында «Комерсанть» газеті халықаралық Zecurion Analytics компаниясының зерттеулеріне сілтемелеп, Ресей кибержасақтың саны мен оны қаржыландыру жағынан, тыңшылық жасаумен, кибершабуылмен және ақпараттық соғыспен айналысатын елдердің бестігіне кіреді деп жазған. Компания мәліметтерінше, ресейлік кибержасақ саны шамамен 1 мың адам, ал оларды қаржыландыру жыл сайын шамамен $300 млн құрайды.
Бірақ сол жарияланымнан кейін қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі федерация кеңесінің комитет басшысы Виктор Озеров Ресей Қарулы күштерінің құрамында кибержасақтар жоқ деп мәлім еткенді. Бұл ретте ол астам державалық рөлге ұмтылатын барлық елдерде «ондай зерттеулер жүргізіліп жатқанын, себебі қарсыласпен күресу үшін қоржында ондай әдістердің де болғаны қажет» екенін айтқан.
2000 жыл басында РФ ҚК бас штабының академиясының жанынан ақпараттық тайталас офицерлерін дайындау курстары ашылған болатын.
Қатысты сілтемелер
-
Kaspi.kz компаниялар тобы қысқа позицияда трейд жасайтын жобаның айыптауларын жоққа шығарды
20 Қыркүйек 2024, 11:59 -
Қостанайда облыстық автожолдың 10 шақырымын қайта жаңартуға Т3,8 млрд астам жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 11:36 -
Жұма күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
20 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданды
20 Қыркүйек 2024, 08:52