РФ санкцияларының енгізілуі Қазақстанға Ресейге өз өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді

Күні: 16:50, 07-08-2014.

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстан Ресей Федерациясының әлемнің бірқатар елдерінен келетін өнімдердің кіргізілуіне салған тыйым жағдайдында өз өнімдерінің көрші елге экспортын арттыруға мүмкіндік алады, деп санайды ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
«Біз үшін қазір енгізіліп отырған тыйым санкциялары аясында позицияларды иемденуге мүмкіндік туып отыр, бұл өндірісті өзімізде арттыруға мүмкіндік бар. Және де бұл өте мүмкін нәрсе, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қайта өңдеуде», - деп мәлімдеді А. Мырзахметов бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
«Жаман айтпай, жақсы жоқ», - деп атап өтті ол.
ҰКП басшысының айтуынша, дәл алдағы аптада Астанада ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «салмақты жиналыс» өткізілетін болады.
«Біз отандық шешуші сүт, ет, май дақылдары, кондитер өндірушілерінің бәрін жинап алғымыз келіп отыр – шамамен төрт-бес позиция бойынша. Және де жақсылап отырып, бізге, біріншіден, (өнім өндірісін – ҚазТАГ) ішімізде (мемлекет басшысы жеке шикізатымыздың тек 30-40%-ы ғана іште қайта өңделетініне мән берді – бұл да талдауға арналған мәселе) нені арттыру керектігін және Ресейдің санкциялар бойынша басқа жеткізушілерден келу жолын жауып отырған өнімдердің орнын басатын мүмкіндікке ие болу жайын талқылайтын боламыз. Яғни бұл жерде ықтимал плюстер бар», - деп нақтылады ол.
Мұнымен қатар А. Мырзахметов әзірге Ресейге қатысты және оның кері енгізген санкцияларының жағымсыз салдары жайында айтуға ерте екенін атап өтті.
«Осы тоқсан өтсін – санкциялардың экономикаға қалай әсер еткенін түсінуге болады. Әзірше бұл тек болжамдар, сарапшылардың бағасы ғана – олар бөлінеді. (...) Бірінші тоқсан көрсетеді», - деді ол.
«Бірақ бұл санкциялардың Ресей экономикасының өсіміне қалай болса әсер ететіні анық және оның салқыны бізге де тиюі мүмкін – біздің өзара тауар айналымға. Сол себепті де әзірге баға беру қиын. Әзірше бұл Қазақстан экономикасына ешқандай ықпалын тигізген жоқ», - деп толықтырды ҰКП басшысы.
Сонымен бірге, оның ойынша, ақыр аяғында санкциялардан, кез келген сауда соғыстарынан «бәрі жеңіледі, өкінішке қарай».


Жаңалықтармен бөлісу: