СҚО-да салтанатты мерекеде әйелдерге 600 гүл шоқтары сыйлады

Күні: 18:34, 07-03-2018.

Петропавл. 7 наурыз. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысында салтанатты шараға әйелдерге 600 гүл шоқтары сыйлады, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғадай, Халықаралық әйелдер күнi мерекесi қарсаңында Н. Погодин атындағы облыстық драма театрында салтанатты жиын өттi. Салтанатты шараға өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қатысты. Залға кіре берісте әйел қауымына қызғалдақ гүлі тарту етілді.
Облыс әкiмi өңірдің әйелдер қауымын келе жатқан Халықаралық әйелдер күнiмен құттықтады.
«Бүгінде Қазақстанда әйелдер саясатта, бизнесте және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әр түрлі салаларында ер-азаматтармен қатар еңбек етіп жатыр. Еліміздің, облысымыздың өркендеуі жолында аянбай қызмет жасап жүрген барлық аналарға, қарындастарға және қыз-келіншектерге ризашылығымды білдіремін», — деді Құмар Ақсақалов.
Салтанатты жиында марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімі «Алтын алқа» белгiсiн Роза Аманбаева, Анастасия Кельбах және Александра Омароваға табыстады.
Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан зор үлестерi үшiн және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнiне орай СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен 10 азаматша марапатталды. Тағы 7 нәзiк жанды Алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты жиын үлкен мерекелiк концертке ұласты.


Жаңалықтармен бөлісу: