Астана. 2 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. ҚР білім және ғылым министрлігі тәрбие жұмысының тұжырымдамасын әзірлеп жатыр, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
«Мүмкін біздің тәрбие жұмысымыздың кей жерінде кемшіліктер кеткен шығар. Бұл ретте біз жұмыстарды бастадық, жетекші орталықтарды тартып жатырмыз, тәрбие жұмыстарының тұжырымдамасын әзірлеу үшін, яғни білімнен бөлек педагогтар, мұғалімдер дұрыс тәрбие беріп, құндылықтарды бағалауға үйрету керек», - деді А. Сәрінжіпов «Педагог мәртебесін көтеру, кәсіби өсуін ынталандыру, оның өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін арттыру» тақырыбындағы ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысында.
«Біз арнайы комиссия құрдық, ол тек әкімшілік мәселені ғана қарастырмайды. Бұл комиссия тәрбие мәселесіне жан-жақты қарайтын болады», - деп толықтырды ол.
«Бұдан басқа комиссия мектептердегі қауіпсіздік мәселесін қарастырады», - деп толықтырды ол.
А. Сәрінжіпов тұжырымдаманың 2015 жылы көктемде республикалық съезде талқыланатынын айтты.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46